Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » QazVac – қауіпсіз вакцина

QazVac – қауіпсіз вакцина

QazVac вакцинасын клиникалық зерттеудің I-II фазасының нәтижелері бо­йынша есептер және III фазасының аралық есебі оның қауіпсіздігін растайды. Ұсынылған есептер негізінде, ел Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен бекітілген COVID-19-ға қарсы вак­циналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес, вакци­на медициналық қолдануға жіберіледі. Еске сала кетейік, QazVac уа­қытша тіркеу куәлігі 2020 жылдың 31 желтоқсанында берілген болатын.

Қазақстандық вакцинаны сынау­дың үшінші кезеңі Хаттамада көзделген зерттеу субъектілерінің 50% белгісінен өтті және оны ағымдағы жылдың 25 маусымында аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін QazVac тиімділігін толық бағалау жүргізіледі.

Вакциналардың кли­ни­ка­лық зерттеулері, соның ішінде III фазада, бүкіл әлем­­де жалғасуда. Ресей Феде­рациясы «Спутник V» зерттеулерін 2021 жылдың мамыр айының басында аяқтауды жос­парлап отыр, ал әлемдегі көптеген фарма­цевтикалық компаниялар өз зерттеулерін 2022-2023 жылдары шегіне жеткізеді.

Қалыптасқан эпидемиялық жағ­дайға байланысты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды медициналық қолдануға жедел жіберу туралы шешімдер әлемнің көптеген реттеуші органдарында қабылданады. Вакциналау аурудың таралуына қарсы күресудің ең тиімді әдісі және ұжымдық иммунитетті қалып­тастырудың сенімді әдісі болып қала береді. Бұл ретте, вакциналарды қолда­нуға рұқсат етудің қысқа мерзіміне қара­мастан, оның сапасы мен қауіпсіздігін тексеру мұқият және барлық талапты сақтай отырып жүргізілетінін айта кеткен ләзім. Жағымсыз реакциялар анықталған, «пайда-тәуекелдің» қолайсыз арақатынасы туралы деректер алынған немесе өнертабысқа немесе пайдалы модельге үшінші тұлғалардың айрықша құқықтарын бұзу туралы күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда вакцинаны уақытша тіркеу тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін екенін атап өткен жөн.

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакциналау ерікті түр­де жүр­гізіледі және вакцина­ла­ну­шы вакциналау кезінде қол­же­тімді вакциналаудан өзі еккісі келетін вакцинаны таңдауға да құқылы.

Айта кетелік, QazVac вак­ци­­насы – Білім және ғылым ми­нис­тр­лігінің Биологиялық қауіп­­сіздік проблемаларының ғы­лыми-зерттеу институты әзір­­леген COVID-19-ға қарсы бел­­сенділігі жойылған вакцина. Алдын ала мәліметтер бойын­ша оның тиімділігі 90%-дан жоғары.

2020 жылғы 31 желтоқсанда «Қазақстан Республикасында өнді­рілген COVID-19 корона­ви­русына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу қағи­даларын бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Үкі­метінің 2020 жылғы 15 жел­­тоқ­сан­­дағы №850 қаулы­сы­ның негі­зінде вакцинаға 30.09.2021 жыл­ға дейінгі мерзімге 31.12.2020 жылғы ҚР-БП-№1 уа­­­­қыт­­­ша тіркеу куәлігі берілді.

Вакциналау бұлшықет ішіне 2 ке­зеңде жүргізіледі, бі­­рінші және екінші дозаны ен­гі­зу арасын­дағы аралық – 21 күн. Вак­циналау пунктінде алды­мен тексеру жүргізіледі, сауал­­дама толтырылады және вакциналауға жазбаша ақпарат беріледі. Вак­циналау 18 жастан асқан адам­дар­ға ұсынылады. 18 жасқа де­йін­гі балалар үшін тиімділік пен қауіпсіздік зерттелмеген.

QazVac вакцинасының 50 мың дозасы өңірлерге таратылды: 6 мың дозадан Нұр-Сұлтан мен Алматы, 4 мың дозадан Шымкент қаласы және Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, қалған өңір­лер 2 мың дозадан алды. Мамыр айында тағы 50 мың доза шығарылады деп күтілуде. Бо­ла­шақта препарат өндірісі кезең-кезеңімен айына 500 мың дозаға дейін артады.

egemen.kz
29 сәуір 2021 ж. 283 0