Қызылордада болған жол апатынан 4 адам зардап шекті
Оқиға 2 мамыр күні Қызылорда қаласына қарасты Талсуат елді мекені тұсында болды.
«Жол-көлік оқиғасынан төрт жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Оның ішінде 1 азаматша және 3 жасөспірім бар. Көз жұмғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Онда көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
kyzylorda-news.kz