«Қызылорда-Құмкөл» автожолында жол-көлік оқиғасынан 5 адам қаза болды

Қызылорда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің хабаралуынша, оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдай және медицина қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Жол-көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Көлік құралдарын жүргізуші тұлғалардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы).
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән – жайлары анықталуда.
syrboyi.kz