Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакциналау шарасы бала сүю бақытына әсер етпейді

Вакциналау шарасы бала сүю бақытына әсер етпейді

Белгілі репродуктолог-эмбриолог дәрігер Салтанат Байқошқарова коронавирусқа қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер ететінін айтты
Ол жүктілікті вакцина салдырған соң бір айдан кейін жоспарлауға болатынын атап өтті. Айтуынша, вакциналау сау баланы дүниеге әкелуге септігін тигізеді
Екпе салдырғаннан кейін денеден тыс ұрықтандыруға қабылдамайды деген ақпарат жалған.
"Керісінше мамандарымыз бірінші вакциналаудан өтіп, жүктілікті содан кейін жоспарлауды қолдайды. Жүктілік кезінде вирустық аурулармен ауыру ананың және іштегі баланың денсаулығы мен өміріне қауіпті болуы мүмкін. Ал вакцина салдырғаннан кейін пайда болған иммунитет бұл қауіпті едәуір төмендетеді", – дейді Салтанат Байқошқарова.
Ол жүктілікті вакцина қабылдаған соң бір айдан кейін жоспарлауға болатынын атап өтті.
"Вакциналау бедеулікке әкеп соқтырады деген де жалған ақпарат. Вакциналау ер адамның да, әйел адамның да бедеулігіне алып келмейді. Керісінше жүктіліктің алдында егілген вакцина оның қиындықсыз өтуіне септігін тигізеді", – деп түйіндеді ол.

(Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің фейсбук парақшасынан)
04 мамыр 2021 ж. 561 0