Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Су – көптеген ауруға ем

Су – көптеген ауруға ем

Су – тіршілік көзі. Адам ағзасының 65 пайызы судан тұрады. Ғалымдар аш қарынға ішілген қос стақан судың өзі ағзамызға оң әсерін тигізе алатынын айтады. Алайда зерттеулерге сәйкес, жалпы адам денсаулығын жақсарту әсерінен өзге де судың ағзаға тигізетін емдік қасиеттері де бар.
Ұзақ өмір сүруімен әйгілі жапондықтар әр күнін оянған соң, аш қарынға бір стақан су ішуден бастайды. Судың адам денсаулығына пайдасы көп. Күнде таңертең аш қарынға бір стақан су ішуді әдетке айналдырса, ағзада жағымды өзгерістер орын алады. Ағза тазарады. Түнде ағза демалып қана қоймай, токсиндерден тазартады. Ал аш қарынға ішкен су бұл процеске көмектеседі. Оған қоса, жүйелі түрде су ішу бұлшық еттер жасушалары мен жаңа эритроциттердің өңделуіне ықпал етеді. Аш қарынға ішілген судың токсиндерді шығару мен ағзаны «іске қосу» қабілеті адамның эмоциялық жағдайына да жағымды әсер етеді. Көңіл күй жақсарады, ашушаңдықты басады және ұйқыны ашады.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының ең кең тараған түрлері – инфаркт пен инсульт қаупін төмендетеді. Асқазан, ішек жолдары ауруларының алдын алып, қыжыл немесе жағымсыз сезімдерден арылтады. Артық салмақтан арылғысы келетіндер немесе асқазан жұмысын реттегісі келетіндер үшін зат алмасу процесін бақылау аса маңызды. Аш қарынға ішілген су зат алмасу жылдамдығын арттырады.
Сыртқы келбетіңіз жақсы көрінгенін қаласаңыз, алдымен ішкі жағдайға назар аудару керек. Бұл жерде ағзаның тепе-теңдігін ұстауда судың маңызы зор. Әйтпесе, тері құрғақтанып, ерте әжімдер пайда бола бастайды. Күнде таңертең аш қарынға бір стақан су ішу арқылы тері жағдайын жақсартуға болады. Сондай-ақ шаш саулығын сақтайды. Ағзаға су жетіспесе, ол шаштың сыртқы жағдайына, оның өсуі мен қалыңдығына кері әсер етеді. Сондықтан шаш мықты болу үшін жеткілікті түрде су ішу керек.
Бүйрек пен несеп шығару жолдары ауруларының алдын алады. Аш қарынға су ішу зәр мөлшерін арттырады. Соның себебінен бүйректердің болуы мүмкін минералдар сұйылады. Осылайша тастар түзілуінің немесе қабынулар пайда болуының алдын алады. Иммунитет нығаяды Бронхит, демікпе, туберкулез, диарея, геморрой, іш қатуы, көз ауруларын емдеуге көмектеседі.
Көптеген аурулардың пайда болуы тікелей иммунитет жағдайымен байланысты. Аш қарынға ішілген су лимфалық жүйелер теңгеріміне жағымды әсер етеді. Ол өз кезегінде ағзаны қатайтып, түрлі аурулардың қоздырғыштарына төзімді болуына көмектеседі.
Мариям ХАКИМОВА,
медицина саласының ардагері
07 мамыр 2021 ж. 1 197 0