14 мамырға арналған ауа райы болжамы
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 14-ші мамыр күні солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.
Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте – тұман түседі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.
kyzylorda-news.kz