Екпе алған адамдардың маска тағуы қажет пе?

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық азамат вакцина салдырып-салдырмағанына қарамастан барлық талапты сақтауы тиіс. Ол – маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау.
Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа есеп беру кездесуінде қазақстандықтардың 60% екпе алған жағдайда ғана маска режимін тоқтату мәселесін қарастыруға болады деген еді. Жалпы 14 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, елде 1 790 356 адам вакцинаның бірінші компонентін салдырған.
kyzylorda-news.kz