Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 2 тұрғынның ақшасын иемденген алаяқ ұсталды

Қызылордада 2 тұрғынның ақшасын иемденген алаяқ ұсталды

Қызылорда қаласында 2 тұрғыннан 1 млн теңгеден астам ақшаны алдап алған алаяқ ұсталды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық ісі бойынша облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол жер телімін сатып алуға көмектесуге уәде беріп, облыс орталығының тұрғынына тиесілі 800 000 теңге ақшасын иемденген.

Жәбірленуші 2020 жылдың қыркүйегінде алаяққа ақша беріп, бірақ ешқандай нәтиже болмай, ағымдағы жылдың 15 мамыр күні полицияға жүгінеді.

Сондай-ақ күдікті облыс орталығының тағы бір тұрғынын алдап, оған жоғарғы оқу орнына жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 350 000 теңгесін иемденген.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылығы тұрғындарға қырағылық танытуды және алаяқтарға қомақты ақша аудармауды ескертеді.

kyzylorda-news.kz​​​
18 мамыр 2021 ж. 380 0