Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Қызылордада жасөспірімді қағып кеткен жүргізуші ұсталды

Қызылордада жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ сілтеме жасап.

Биыл 17 мамырда Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде велосипедпен келе жатқан жасөспірімді белгісіз автокөліктің қаққандығы туралы полицияға хабарлама түскен.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы ғимараттар мен үйлердегі бейнекамера жазбаларын қарап, оқиға орнынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлермен жүргізілген кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде екі сағат ішінде күдікті автокөлік анықталды.

Көлік тізгіндеген жергілікті тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жасөспірімге медициналық көмек көрсетілді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Айта кету керек, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында Қызылорда облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
19 мамыр 2021 ж. 429 0