Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда халық санағын жүргізетіндерге қанша жалақы төленеді

Қазақстанда халық санағын жүргізетіндерге қанша жалақы төленеді

Қазақстандағы халық санағын жүргізетіндердің жалақысы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Жорабек Дәуренов айтты.

"Санақты сапалы өткізу үшін қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта негізгі қаражат – санақ қызметкерлерінің жалақысы болып отыр. Мысалы, интервьюер қызметін төлеу үшін бірінші кезеңде бір ай үшін 83 мың теңге төленеді. Ал халық санағының негізгі кезеңінде – 104 мың теңге төленбек. Нұсқаушы-бақылаушыға 45 күн ішінде толық қызмет етсе – 125 мың теңге беріледі", - деді ол.

Еске салайық, 1 маусымда халық санағының бірінші кезеңі басталды. Бұл дайындық кезеңі, онда тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар анықталады.

Екінші кезең - негізгі халық санағы. Яғни, санақ қызметкерлері әр үйге барып, сөйлесіп, санақ парақтарын толтырады.

02 маусым 2021 ж. 559 0