Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық санағы келесі жылға шегерілуі мүмкін

Халық санағы келесі жылға шегерілуі мүмкін

Індетке байланысты халық санағы келесі жылға шегерілуі ықтимал, деп хабарлады 24.kz.
«Қазақстанда халық санағын 2020 жылдың 1 қазанынан бастап жүргізу жоспарланған еді. Алайда халық санағын жүргізетін қызметкерлер халықпен жақын қарым-қатынаста еңбек ететіндіктен, коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке санақты келесі жылға шегеруді ұсынды. Мұндағы негізгі себеп – халықтың мен халық санағын жүргізетін персоналдың амандығы. Біз тиісті шешімді күтіп отырмыз», – деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
29 шілде 2020 ж. 594 0