Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жаңа жағажай ашылады

Қызылордада жаңа жағажай ашылады

Қызылордалықтар биыл суға түсу маусымында жаңа жағажайға барып, суға шомыла алады.
Қазіргі таңда жағажайдың орны анықталып, жазғы демалыс орны Эдельвейс саяжайы аумағындағы ашылады деп жоспарлануда.
«Коммуналдық жағажайды іске қосу жұмыстары жақын күндері жүзеге асады. Жаңа жағажайды ашуда ең бірінші суға түсу маусымындағы қауіпсіздік мәселесін назарға алдық. Бұл жерде тұрғындарға барлық жағдай жасалып, келушілер қолшатыр, керует, био әжетхана, киім ауыстыратын орын сынды қажеттіліктермен толық қамтылатын болады», – деді қала әкімі.
Сонымен қатар бұл жағажай халыққа тегін қызмет көрсететіндігін атап өтті.
Қазіргі таңда қала аумағындағы су айдындарында «Сыр самалы» қалалық жағажайы, Абай ШҚ қарасты демалыс аймағы мен 12 демалыс орындары жұмыс жасауда. Сәтін салса жаңа жағажайда жақын уақытта өз жұмысын бастап, келушілерді қабылдайды.

kyzylorda-news.kz
05 маусым 2021 ж. 646 0