Арқаны кеңге салуға әлі ерте
Бірер күн бұрын Қазақстан аурудың таралу көрсеткіші бойынша «жасыл аймаққа» өтті. Әрине қуанатын жағдай. Осылай жалғаса берсе, апта соңына қарай елде карантин талаптары жеңілдетілуі мүмкін. Қазір республика бойынша Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысы «қызыл аймақта» тұр. Тағы бес өңір «сары аймақта». Ал қалған өңірлер «жасыл аймаққа» өтті. Сонымен Қазақстанның 7 өңірі қауіпсіз аймақта тұр. Десек де министрлік шектеулерді жеңілдету үшін бірқатар сақтық шаралары орындалуы қажет екенін алға тартты. Нақтырақ айтсақ, еліміз осы аптаның аяғына дейін, яғни қатарынан бес күн бойы «жасыл» аймақта қалуы тиіс. Сонда ғана шектеулерді жеңілдету мәселесі қаралатын болады. «Егер бес күннің ішінде Қазақстан территориясындағы жағдай тұрақты болса, карантиндік шектеулерді жеңілдету мәселесі қаралатын болады», – дейді денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Вакцинаның пайда болғанына 200 жыл болды. Бірақ екпенің пайдасы мен зияны жайында дау әлі біткен жоқ. Әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде өзекті мәселеге айналды. Қазақстанда 2021 жылдың 24 ақпанынан бері «Спутник V» вакцинасын салу жұмыстары басталды. Бүгінгі күні елімізде 1 млн 213 мың 41 адам коронавирусқа қарсы екпенің қос компонентін алған. Ал 2 млн 285 мың 898 адам алғашқы дозасын салдырды. Ал, медицина саласының белсендісі, биолог, медицина ғылымдарының докторы Ботагөз Қаукенованың айтуынша, вакцинаны ойлап табу мен өндіріске шығару – әлемде ең қатаң қадағаланатын медициналық дүние. Екпені жасау мен өндіруге ондаған жылдық зерттеу мен тәжірибе кетеді.
Екпе салдыру – ең алдымен өз денсаулығымыз үшін қабылдайтын дәрумен немес қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік.

Ә. СЕКСЕНБАЕВА,
№262 мектеп-гимназиясының мұғалімі