Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, 24 мамырда Павлодар облысында, 24-25 мамырда Шығыс Қазақстан облысында, 25 мамырда Алматы облысында нөсер жаңбыр жауады. Тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Күндіз солтүстікте 17-28 жылыға дейін, орталықта 20-35 жылыға дейін, солтүстік-батыста 25-40 жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі.
syrboyi.kz