Коронавирустан тез айығудың жолы белгілі болды
Ғалымдар астма ингаляторын қолдану коронавирус инфекциясынан айығу уақытын орта есеппен үш күнге қысқартуы мүмкін екенін анықтады.
Оксфорд университетінің ғалымдары астма ингаляторын қолдану коронавирустан емделу уақытын едәуір қысқартады деп мәлімдеді. Зерттеуге қатысушылардың бірі, профессор Ричард Хоббс бұл жаңалықты «пандемия үшін маңызды кезең» деп атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ғалымдар зерттеу жүргізіп, астма ингаляторын қолдану коронавирус инфекциясынан айығу уақытын орта есеппен үш күнге қысқартуы мүмкін екенін анықтады.
Мұндай әсер, сарапшылардың пікірінше, ингаляторда будесонид бар, ол астма мен созылмалы обструктив өкпе ауруын емдеуге қолданылады.
«Денсаулық сақтау министрлігі жаңа мәліметтер түскен кезде осы емдеу әдісін сынау нәтижелерін бақылауды жалғастырады және қажет болған жағдайда ұсыныстарды түзетеді», — деді министрдің парламенттік орынбасары Джо Черчилль.
Ұлыбритания дәрігерлері бұл дәрі-дәрмекті әр жағдайға жеке-жеке қолдануды жоспарлап отыр. Мамандар будесонидті коронавируспен үйде күресу үшін қолдануға болатынын атап өтті.
qaz.greenqazaqstan.kz