Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Илья Ильин әкім болу ниеті туралы айтты

Илья Ильин әкім болу ниеті туралы айтты

«Жетінші арнадағы» «Студия 7» кешкі бағдарламасының тікелей эфирінде Илья Ильин болашақта әкім қызметін атқаруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Мен өз мансабымды аяқтаған кезде, әрине, бәрін ойластырдым. Оның ішінде мемлекеттік қызметші – әкім, депутат болу. Иә, мұндай ойлар болды. Бірақ маған тәжірибе керек деп ойладым. Мұны 42-43 жасыма қалдырдым. Қазір тәжірибе жинап жатырмын, өзімді зерттеймін, білімімді адамдарға беремін, содан кейін әкім лауазымына ауысамын», – деп Ильин өз жоспарларымен бөлісті.
Қазіргі уақытта Илья Ильин Қызылордадағы “Мұз” сарайын басқарады. Бұдан басқа, спортшы ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығында дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымында жұмыс істейді.
2016 жылы Илья Ильин 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының екі алтын медалінен айырылды. Оның қанынан тыйым салынған заттар табылды. Дисквалификациядан кейін Ильин 2018 жылы үлкен спортқа қайта келді, бірақ денсаулығына байланысты бұрынғы деңгейіне орала алмады.

syrboyi.kz
30 маусым 2021 ж. 386 0