Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Дельта» штамын жұқтыру ықтималдылығы анықталды

Қызылордада «Дельта» штамын жұқтыру ықтималдылығы анықталды

Қызылорда облысында COVID-19 вирусына шалдыққан науқастар арасында «Дельта» штамын жұқтыру ықтималдылығы анықталды.

Коронавирус инфекциясына оң нәтиже көрсеткен 22 сынама іріктеп алынып, вирустық инфекцияларды бақылау жөніндегі референс зертханасына жолданды. Оның 59,1%-нен немесе 13 сынамадан үнді мутациясына күдікті жағдай тіркелді. Демек облысымызда циркуляцияда қауіпті штамның болуы жоққа шығарылмайды.

«ДЕЛЬТА» ШТАМЫ НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

‼️Ауру ауыр және өте ауыр ағымда өтеді

‼️Жұқпалылығы 60%-ке жоғары

‼️Құлақтың есту қабілеті бұзылып, кереңдікке алып келеді

‼️Балалар мен жүкті әйелдерде асқынған түрде өтуі мүмкін

‼️Ерте кезеңде өкпенің зақымдану аймағының ұлғаюымен ауру тез дамиды

‼️Жүрек-қан тамырлары жүйесінің жиі зақымдануымен сипатталады

‼️Балалар арасында тыныс алу жеткіліксіздігі клиникасымен пневмонияның ауыр ағымы жағдайлары артқан.

‼️Балалар отбасы ішіндегі байланыстар, соның ішінде жанұялық іс-шаралар, тойларға бару арқылы жұқтыру болжамы эпидзерттеу кезінде анықталды.

‼️Ауруханаларда жастардың үлесі артқан

‼️Егде жастағы адамдарға қауіптілігі күшейген

САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ

✅Маскалық режим

✅Әлеуметтік арақашықтық

✅Адам көп жиналатын іс-шараларды ұйымдастырмау және оларға бармау

✅Шетелдік іс-сапарларды шектеу

✅Қол гигиенасы

✅Ең тиімді әрі маңызды қорғаныс – ВАКЦИНА САЛДЫРУ.

04 шілде 2021 ж. 253 0