Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина алғандар және алмағандар COVID-19-бен қалай ауырады?

Вакцина алғандар және алмағандар COVID-19-бен қалай ауырады?

COVID-19 инфекциясымен екпе алмағандар ғана емес, вакцина салдырғандар да ауырып жатыр. Sputnik радиосына сұхбат берген «Клиникал Экселанс Груп» компаниясының бас директоры, иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков вакциналанған адамдар қалай ауыратынын айтты.
Вакцина салғызғандар коронавирустың ауыр түрімен өте сирек ауырады. Бұл екпеге дейін және одан кейін ауырудың басты айырмашылығы, деп атап өтті иммунолог.
«Егер адам вакцина алғаннан кейін індетке шалдықса, көп жағдайда ауру жеңіл өтеді. Десе де ауыр түріне шалдығу ықтималдығы аз да болса бар, алайда бұл ықтималдық 98-99 процентке төмен», – деді Крючков.
Вакцина салғызған адам коронавирус жұқтырса, вирус бөліп, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Бірақ бұл кезең әдеттегіден қысқа болуы мүмкін, деді ол.
«Әдетте ол кезең симптом пайда болғаннан бастап бір аптаға дейін созылады. Бұл жағдайда үш-төрт күнді құрайды», – деп нақтылады Крючков.
Оның сөзінше, вакциналанған адам айналасындағылар үшін қауіпті екенін білмеуі мүмкін. Өйткені, әдетте, ол адамда коронавирус инфекциясының белгілері байқалмайды.

kyzylorda-news.kz
04 шілде 2021 ж. 348 0