Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман бауырға ең қауіпті 7 тағамды атады

Маман бауырға ең қауіпті 7 тағамды атады

Кейбір тағамдар адам ағзасындағы маңызды органдардың бірі – бауырға тікелей қауіп төндіреді. Сарапшылар олардың ішіндегі ең қауіпті жетеуін атады. 

Бауыр не үшін ауырады?

1. Ең алдымен сарапшылар құрамында қанты бар тағамдарға назар аударуды ұсынады. Мысалы оларға қауіпті химиялық заттар, хош иістер мен бауырдың жұмысын қиындататын қоспалары бар газдалған сусындар жатады;

2. Жемістерді шамадан тыс пайдаланбаңыз: олардың құрамында фруктоза көп, бұл қантқа ұқсас әсер етеді;

3. Сонымен қатар бауыр артық тұздан зардап шегеді. Мысалы чипси немесе кептірілген нанның бір пакетінде ағза тұтынатын тұздың жартысы болады;  

4. Алкоголь, әсіресе, өткір ішімдікті шамадан тыс тұтынудан аулақ болу керек, себебі бұл бауырды күшейтілген режимде жұмыс істеуге мәжбүр етеді;

5. Крекерлер бауырды ауыр зақымдануға әкеледі, өйткені олар тазартылған көмірсулардың, қанттың, жүгері сиропының және ақ ұнның көзі;

6. Шұжық пен майлы етті майсыз етке (тауық немесе күркетауық) ауыстырған жөн;

7. Мамандар қуырылған тағамнан бас тартуға кеңес береді.

Бауыр ауруының белгілері: 

• Әлсіздік, бірнеше күн немесе апта бойы шаршау; 
• Диетасыз және себепсіз арықтау; 
• Жиі бас айналуы және құсу; 
• Тәбет жоғалуы; 
• Аяқ төменгі жағының жиі ісуі; 
• Іш кебуі; 
• Белгісіз себептермен дененің кез келген бөлігі – қол, аяқ, иық қатты қышуы; 
• Егер осы белгілерден бөлек көз астының сарғаюы, кіші дәрет түсінің бұзылуы байқалса дәрігер көмегіне жүгінуіңіз қажет.

massaget.kz
08 шілде 2021 ж. 598 0