Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бауыр не үшін ауырады?

Бауыр не үшін ауырады?

  Кейде белде пайда болған қышыма да қауіпті аурудың белгілері болуы мүмкін. Мұндай кезде дәрігердің көмегіне жүгінуді ұмытпаңыз. Бауыр – бұл денеміздегі маңызды ағзалардың бірі. Ол ас қорытуға көмектеседі, өмірлік маңызды заттарды синтездейді және токсиндерді шығарады. Бауыр қызметінің бұзылуы әлемде ең кең таралған проблемалардың бірі. Тек, АҚШ-тың өзінде 30 миллионға жуық адам бауыр ауруларынан зардап шегеді.
   Егер сіз үнемі оң қабырғаңыздың төменгі жағы сыздап ауыратынын сезсеңіз – жеделдетіп гепатолог, гастроэнтеролог тым болмағанда терапевтке көрінгеніңіз жөн.
  Бауырыңыз қатты бүлінген кезде де ауырмайды. Себебі оның құрамында ауырсыну рецепторлары жоқ. Әдетте ауырсыну немесе шаншу ауру өте асқынған кезде ғана болады. Ондай жағдайда бауыр іседі, үлкейеді, өзін қоршап тұрған капсула қабығына қысым көрсете бастайды. Міне, содан кейін ғана науқас ауруды сезе бастайды. Мұндай жағдайда өкінішке орай емдеу кеш болуы мүмкін.
  Бірақ, оң қабырғаның төменгі бөлігінің аурыруы мүлдем басқа жағдайлармен де байланысты. Мысалы, өт қабының ісінуі.
Бауыр ауруының басқа қандай белгілері бар?
  Бауыр бүлінгенде бел, іш және оң иық ауруы мүмкін. Кейде тіпті ауырсыну сезімі мүлде болмайды.
Бауыр ауруының белгілері:
  • Әлсіздік, бірнеше күн немесе апта бойы шаршау;
  • Диетасыз және себепсіз арықтау;
  • Жиі бас айналуы және құсу;
  • Тәбеттің жоғалуы;
  • Аяқтың төменгі жағының жиі ісуі;
  • Іштің кебуі;
  • Белгісіз себептермен дененің кез келген бөлігінде – қолда, аяқта, иықта қышудың күшеюі;
  • Егер жоғарыдағы белгілерден бөлек көз алдының сарғаюы, кіші дәрет түсінің бұзылуы байқалса дәрігез көмегіне жүгінуіңіз қажет.

Бауыр не үшін ауырады?
  Бұл ағзада белгілері сыртқа мүлдем байқалмайтын ондаған ауру бар. Солардың ең көп таралған түрлеріне тоқталайық.
  Вирусты гепатит – бұл А, В, С, D гипервипустары. Олардың арасындағы ең қауіптісі (В) адам өліміне алып келеді. Ал арасындағы ең әлсізі – А түрі болып, бұл ауру халық арасында "Сары ауру" немесе "Боткин ауруы" деген атпен таралған. Ол кір қолмен, жуылмаған жеміс-жидекпен, лас су арқылы жұғады. Боткин ауруының бір артықшылығы, ол басқалары сияқты жасырын емес, бірден сезіледі. Алдын алудың мүмкіндігі бар. А вирусын емдеуге болады және емделгеннен кейін бауырда белгілері қалмайды.
  Ал АВС немесе D врустарын анықтау және емдеу ұзақ уақытты талап етеді. Бұл вирустардың әрқайсысы циррозға, бауыр жеткіліксіздігіне немесе тіпті бауыр қатерлі ісігіне дейін апаруы мүмкін.
Алкогольді гепатит
  Бауырдың қабынуының тағы бір түрі – вирус емес, алкоголь. Тұрақты және шамадан тыс алкогольді тұтыну бауырдың ішкі ауыртпалығын тудырады, нәтижесінде цирроз пайда болады. Бауырдың сау тіндерінің жұмысы тоқтатайды.
Гепатиттің басқа түрлері
  Алкогольден басқа, есірткіні асыра пайдалану немесе ауыр металдармен улану да бауыр ауруларына себеп болады. Бұл жағдайлар медактаментті немесе токсикалық гепатит ретінде белгілі. Егер иммундық жүйе бұзылып, бауыр клеткаларына шабуыл жасаса ол аутоиммундық типте де болуы мүмкін.
  Май алмасудың бұзылуы
  Жасушада май жиналған кезде ауру дами бастайды. Бұл олардың жұмысына кедергі жасайды, олар уыттарды залалсыздандыра алмайды да, бос радикалдардың жиналуы болады. Жасушалар өле бастап, бауыр өзінің негізгі қызметін жасауды тоқтатады.
  Майлы гепатоз шағын қолайсыздықты туғызады, бірақ айқын симптомдар жоқ. Жүрек айну, іштің кебуі, ас қорытудың бұзылуы, дәреттің қиындығы, жоғарғы дене қызуы байқалуы мүмкін. Бауырға сары ауру мен күйік дәмі айқынырақ көрсетілуі мүмкін.
  Ісіктер
  Бауыр ісіктерін қатерлі және қатерсіз деп бөлуге болады. Қатерсіз ісіктер айтарлықтай жиі кездеседі (липомалар, фибромалар,ісіктер).Көп жағдайда симптомдарсыз өтеді. Тек ісіктің ұлғаю жағдайында, бездің де өлшемі артуы мүмкін, бұл іштің оң жақ бөлігінде ауру ретінде байқалады. Бауырдың ісікті ауруларының көбісі метастаздар басқа органдардан безге енуімен байланысты. Қатерлі ісіктердің әлсіздік пен салмақтың азаюынан бастап, ауру сезіміне дейін айқын симптомдары бар. Сары аурудың да пайда болуы сирек емес.
Бауыр ауырғанда не істеу керек?
  Мүмкіндігінше тезірек дәрігерге қаралыңыз. Маман сіздің шағымдарыңызды тыңдайды, тексереді, қан анализін алады– бауыр және гепатит сынақтарын тапсыруға кеңес береді. Ал алынған талдаулар сіздің бауырыңыздың қаншалықты сау екенін анықтауға көмектеседі.
  Сізге басқа анализдер қажет болуы мүмкін, мысалы:
  • МРТ;
  • биопсия – бауырдың кіші ұлпаларын зертханалда тексеру.
  • Кейде өмір салтын өзгерту бауырды қалпына келтіруге жеткілікті:
  • артық салмақтан арылу;  алкоголден бас тарту;
  • майлы тағамдардан бас тартып, дәрігер белгілеген тамақтарды тұтыну.
  Алайда, бауыр ауруларының бәрі бірдей оңай емделмейді. Дәрі-дәрмектер мен хирургия қолданылуы мүмкін. Зардап шеккен ағзаны қалай қалпына келтіруді тек медициналық маман шешуі керек. Өз бетіңізбен емделмеңіз – бұл сізге қымбатқа түсуі мүмкін.
04 қыркүйек 2019 ж. 1 903 0