Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады

2021 жылдың 21 шілдесінде таңғы сағат 03.00 мен 17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Телеграм каналы.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады, - делінген таратылған ақпаратта.

baq.kz
14 шілде 2021 ж. 173 0