«Қызыл» аймақ. Індеттен емделіп жатқандардың жағдайы қалай?
Өңір дәрігерлері КВИ індетін жұқтырған науқастардың саны артып келетінін айтып дабыл қағуда. Соған қарамастан тұрғындардың көбі екпеге қарсы жалған ақпарат таратуды тоқтатар емес. Халыққа вакцинацияға қатысты дұрыс ақпарат жеткізу мақсатында БАҚ өкілдері, блогерлер, қоғам қайраткерлері үшін коронавируспен күрес орталықтарына баспасөз туры ұйымдастырылды.
Жаңа инфекциялық стационарда және тубдиспансер базасындағы КВИ бөлімшесіндегі «қызыл» аймаққа барлық сақтық шараларын сақтай отырып кіруге рұқсат етілді.
Жұқпалы аурулар ауруханаларының медициналық қызметкерлері қатаң жұмыс кестесіне қарамастан аймақ тұрғындарына қорқынышты статистика миф пен фантастика емес, өмір шындығы екенін дәлелдеуге тырысты.
Күніне сегіз сағат бойы обаға қарсы костюмде жүретін дәрігерлер мен медбикелер адам өмірін сақтап қалуға бар күштерін салуда.
Санитарлық қызмет өкілдерінің айтуынша, өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда Ақмола облысында КВИ індеті үш есе өсті. Қазір 18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, аллергиясы немесе созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп төніп тұр. Өйткені, олар үшін вакцинация жоқ. Адамдардың бұл санатын тек ұжымдық иммунитетпен қорғауға болады. Бірақ, облыс орталығында 780 мыңнан астам адамның 140 мыңға жуығы ғана егілсе, ол қайдан пайда болады? Егер өткен жылдың алты айында 143 бала коронавирустан емделсе, осы жартыжылдықта педиатрлар екі мыңнан астам кәмелетке толмаған бала ауыр жағдайда тіркелгенін растайды.
Пациенттердің 68%-ы стационарға ауыр жағдайда түседі. Әсіресе балалар, жұмысқа қабілетті ересектер, сондай-ақ жүкті әйелдердің індетті жұқтыруы жиілеуде. Тек соңғы аптада ауырғандар саны екі еседен астам өсті. Өлім жағдайлары жиілеп кетті. Алайда, халықтың көп бөлігі әлі де вакцинацияның тиімділігіне күмәнмен қарайды және карантин режимін сақтамайды. Қазіргі уақытта дәрігерлер қауіпті індетпен күресуді жалғастыруда. Бірақ мұндай динамикамен болжам жасау қиын. Дәл қазір вакцинация біз үшін өте маңызды!, – дейді Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Жаров.
baq.kz