Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Семіздікке себеп: тәбетті арттыратын 5 өнім

Семіздікке себеп: тәбетті арттыратын 5 өнім

Біз күнделікті тұтынуға үйреніп қалған кей тағам түрлері біздің денсаулығымызға зиянын тигізіп жатқанын сезбей де қаламыз. Әсіресе, қазір артық салмақпен алысып жүргендер көп. Адам табиғатынан қомағай болмаса да, кей өнімдер оның үнемі тамақтанғысы келіп тұратындай күйге түсіруі әбден мүмкін. Яғни, олар ағзаны уақытша тойдырып, кейін қорытылып кеткен соң, тез арада аштық сезімін тудырады. Ал жөн жосықсыз тамақтану ерте ме, кеш пе семіздікке алып келеді. Сол себепті, қандай өнім тұтынған дұрыс, қайсысынан бас тартқан жөн екенін біле жүрген артықтық етпейді. Ендеше, төмендегі тізімге мән беріңіз.
Макарон

Жоғарғы сұрыпты ұннан дайындалған макарон қарапайым көмірсуға бай келеді. Олардың артық калория бергеннен басқа еш пайдасы жоқ. Өйткені бидайды өңдеу кезінде ол барлық пайдалы элементтерінен айырылады. Қарапайым көмірсулар қаншалықты тез тойдырса, соншалықты тез аштық сезіміне алып келеді. Сол себепті, қатты бидайдан жасалған макарон өнімдерін немесе қарақұмық ұнынан даярланған соба кеспесін таңдаңыз.

Жүгері үлпектері

Қант қосылған қарапайым көмірсулар қандағы қант мөлшерінің өзгеруіне әкеліп, аштық сезімін тудырады. Әсіресе оны таңертең тұтыну өте зиян. Себебі, қандағы глюкозаны екі еселендіретін гормон, яғни, кортизол деңгейі бұл кезде өте жоғары болады, сөйтіп қанттың ағзада сіңірілуі қиынырақ болады. Бұдан үнемі қарныңыз аш секілді көрініп, тәтті нәрсе жеуге деген ниетіңізді оятады.

Диеталық кола

Сусынның сыртындағы қағазда оның құрамында қант жоқ деген ақпарат берсе де, өте абай болған жөн. Демек қолыңыздағы колаға қосылған жасанды тәттілендіргіштер сіздің қарныңызды ашырады. Өйткені олардың құрамында табиғи қант жоқ және ағза оның орнын толтыру мақсатында қант іздей бастайды.

Ол үстелдің үстінде тұрған кока-коланы кейін қарай ысырып тастап, қолына су құйылған бөтелкені алып, камера алдында жоғары қарата көтеріп, мен су ғана ішемін деген ишара жасады. Кейін бұл видео желіде қызу талқыға түсті.

Леонардо да Винчидің "Витрувиан адамынан" кем түспестей мінсіз физикалық формадағы Криштианудың осы әрекетінен үлгі алуға болатынын медицина да дәлелдеп отыр. Яғни, коладан сізге зиян болмаса, пайда жоқ.

Алма

Ағылшындардың әйгілі "An apple a day keeps the doctor away" деген мәтелін екінің бірі біледі. Мағынасы "Күніне бір алма жесең, дәрігерлерден аулақ жүресің" дегенге келеді. Алайда мұның екінші жағы да бар. Тәтті алма сіздің қаныңыздағы инсулиннің пайда болуын тудырып, ол қантты майға айналдырады. Олар тез сіңіп кететін себепті, сіздің қайтадан тамақтанғыңыз келеді де тұрады.

Чипсы мен крекер

Тіскебасарлар, яғни, снектер әдетте өте тұзды келеді. Снектерді дайындауда арзан майларды, маргариндерді, тұзды консерванттарды (тағамның тез бұзылмай сақталуына қажетті химиялық заттар) қолданады. Бірақ та, біздің ішегімізде ас қорытуға қажетті, пайдалы бактериялар өмір сүреді. Олар ішектің дұрыс жұмыс жасауына, күрделі тағамдық компоненттердің қорытылуына, ыдырауына және В тобының дәрумендерін синтездеуге көмектеседі. Ал консерванттар оған кедергі жасауы мүмкін.

Сонымен бірге, снектер жоғары калориялы өнім. Жоғары калориялы тағамдар аз қозғалатын адамдар үшін өте қауіпті. Өйткені, тағамдағы калория жоғары болса, адам оның бәрін жұмсай алмайды. Мысалы, 100 грамм чипсыда 500 ккал бар. Мұнша қуаттылық 50 минут бойы секіргенге немесе 2 сағат тез жүріспен жүргенде ғана қажет.

massaget.kz
19 шілде 2021 ж. 297 0