Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ДСМ қай аймақта қандай вакцина барын айтты

ДСМ қай аймақта қандай вакцина барын айтты

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте елімізде қанша вакцина қалғаны туралы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.

Бүгінгі күні 582 141 доза вакцина бар. Бұл вакцинаның бірінші компоненті. Ал екінші компонент бойынша 1 млн 184 мың доза бар, - деп айтты Есмағамбетова.
Комитет төрағасы қалған вакциналардың жеке санына тоқтала кетті.
CoronoVac вакцинасының бірінші компонентінің 20 мыңдай дозасы. Вакцина барлық өңірде бар. Бірақ әр түрлі мөлшерде қолжетімді. Бұл вакцинаның көп мөлшері Маңғыстау облысында бар. Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында аталған вакцина жоқ. Sputnik V вакцинасының бірінші компонентінен 561 мыңы қалды. Бұл вакцина барлық өңірде бар, - деп толықтырды ол брифингте.
Сонымен бірге QazVac-тың қазіргі күні 3 мың дозасы қолжетімді. Маңғыстау облысында және Атырау облысында көп мөлшерде бар. Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарында QazVac жоқ.
Синофарм вакцинасының 6 286 дозасы қалды. Бұл вакцина тек Маңғыстау облысында ғана бар, - деп айтты Айжан Есмағамбетова.

baq.kz
23 шілде 2021 ж. 366 0