Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда вакцинаның қанша қоры бар?

Қазақстанда вакцинаның қанша қоры бар?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова еліміздегі вакцина қоры туралы айтты, деп жазады Egemen.kz. 

Оның айтуынша, елде «Sputnik V» вакцинасынан - 541 мың доза,  CoronaVac - 24 мың доза, QazVac - 3 мың доза бар. Hayat Vax Маңғыстау облысында қалды. Жалпы алғанда барлығы 1 миллион 289 мың доза вакцина бар.
«Біздің елдің көпшілігі Ресей вакцинасын алған. CoronaVac, QazVac және Hayat Vax-қа келетін болсақ, олар Ресей вакцинасы сияқты дозаға бөлінбейді. Осы үш вакцинада екі дозасы да бір компонент ретінде жүреді. Сондықтан, біз вакцинаны аймақтарға  таратқанда доза санымен емес, адам саны бойынша бөлеміз. Менің айтып отырғаным – бірінші компоненттің дозалары. Бірақ бірінші дозаны қабылдаған барлық адам үшін вакцинаның екінші компоненті сақталады», деп қосты ол.
16 шілде 2021 ж. 457 0