Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина алмағандар реанимацияға түсіп жатыр

Вакцина алмағандар реанимацияға түсіп жатыр

Реанимация бөліміне КВИ-ға қарсы вакцина алмаған пациенттер түсіп жатыр. Стационарға жеткізілгеннен кейін олардың денсаулығы екі-үш күнде өте ауыр күйге дейін нашарлайды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.

«Біздегі реанимациялық төсектер 84%-ға толды. Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алмаған, ауыр күйде жатқан 248 пациент бар. Оның ішінде 77 адам өте ауыр халде жатыр. Науқастардың басы-қасында жүргендіктен бұл көрсеткіш қатты алаңдатып отыр. Біз өткен жылғы ең ауыр күйге жетейін деп қалдық», - дейді басқарма басшысы.
Тимур Мұратовтың айтуынша ауыр күйде жатқандар арасында қарт кісілер ғана емес 35 жастағы науқастар да бар.
«Вирус жаңа штаммдарға мутацияланып отырады, ал әрқайсысында науқастар жастар арасында жиілейді. Қазір жастар да, тіпті балалар да аурудың ауыр күйіне ұшырай бастады. Екі-үш күн ішінде пациенттердің денсаулығы нашарлағаны соншалық жасанды тыныс алу аппаратынсыз өмір сүре алмайтын күйге жетеді. Реанимациядағы барлық пациенттің мұндай жағдайға түсуінің себебі – вакцинацияланбаған. Бірақ олар мұны кеш түсінді», деп атап өтті Т. Мұратов.
Тимур Мұратов қала тұрғындарын уақытында вакцинациядан өтуге, осы арқылы өздерін инфекция жұқтырудан қорғауға шақырды.
«Құрметті азаматтар! Ойланып және күтіп отыратын уақыт жоқ! Қазір вакцинация алу өте маңызды, әйтпесе кеш болуы мүмкін. Бізге, яғни дәрігерлерге, КВИ-ге байланысты қайтыс болғандар статистикасын жариялау, туыстарына жақыны келмеске кеткенін айту оңай емес. Өткен жылы біз пандемияны жеңудің барлық жолын іздеген едік, ал қазір қолымызда бар, ол – вакцинация. Осы арқылы ғана біз аурудың қиын кезеңінен шыға аламыз», деп қорытындылады қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

egemen.kz
26 шілде 2021 ж. 229 0