Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы инфекциялық стационарларда орындар 61%-ке толды

Қызылордадағы инфекциялық стационарларда орындар 61%-ке толды

Қызылорда облысындағы инфекциялық стационар төсек-орындарының жүктемесі 61%-ке жетті.
Жансақтау бөлімдері 47%-ке толып, науқастардың жартысына жуығы ауыр халде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша дерті асқынғандардың барлығы вакцина алмаған азаматтар екен. Қазіргі таңда аймақтағы денсаулық сақтау нысандарында 800-дей қызылордалық дертпен күресу үстінде, тағы мыңнан астамы үйінде емделіп жатыр. Жұқпалы аурулар аурханасына науқастар сыймағандықтан облыстық және қалалық көпбейінді медициналық орталықтан қосымша төсек-орындар дайындалған. Жалпы соңғы мәлімет бойынша өңірде 210 мыңдай сырбойылық ковидке қарсы вакцина салдырған. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін тағы осы шамада тұрғындар екпе алуы қажет дейді,- мамандар. 
«Үлкен жастағы адамдар және жүкті әйелдер, балалар арасында коронавирус инфекциясының таралуы көп болып отыр. Бұл дегеніміз адамдардың вирусқа қарсы иммунитетінің әлсіздігін көрсетеді. Вакцина алғандар стационарға түсіп жатқан жоқ», – дейді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.


kyzylorda-news.kz​​​
23 шілде 2021 ж. 353 0