Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 ақпаннан бері 719 адам вирусқа қарсы екпе алды

1 ақпаннан бері 719 адам вирусқа қарсы екпе алды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов айтты.
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда. 1 ақпаннан бастап бүгінге дейін 719 адам (78%-дан артық) вирусқа қарсы екпе алды. Бірінші кезеңге кіретін вирусты жұқтырып алу қаупі бар топтарға жататын медицина қызметкерлер, олар – жұқпалы аурулар ауруханалары, жедел жәрдем қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдары, көпсалалық ауруханалардың қабылдау бөлімдерінің қызметкерлері вирусқа қарсы екпе алып жатыр. Вакцинация ерікті түрде, әр адамның екпе алу-алмаудағы құқығын сақтай отырып жасалатынын баса айтқаым келеді, - деді ол.
Оның айтуынша, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қоймаларында коронавирусқа қарсы вакцинаның 1531 дозасы бар. Басқарма басшысы екпені кімдерге салуға болмайтынына тоқталды.

Тұрақты профилактикалық егулерге және уақытша медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарға коронавирусқа қарсы екпе салынбайды. Сондай-ақ, коронавирустың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар да екпе алуға жатпайды. Жұқпалы ауруы бар науқаспен, оның ішінде коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғанша, вакцина алмайды, - деді ол.
Тимур Мұратов әзірге екпе салу шаралары қалалық 5 емханада жүргізіліп жатқанын айтты.

Бірінші кезеңде вакцинация 5 қалалық емханада жүргізіліп отыр. Алайда, келешекте халықты жаппай вакцинациялау басталған сәтте қала бойынша 36 ұйымда ем-шара бөлімдері ұйымдастырылатын болады, - деді ол.
baq.kz

08 ақпан 2021 ж. 440 0