Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы үш күнде қатты жаңбыр күтіледі

Қазақстанда алдағы үш күнде қатты жаңбыр күтіледі

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 29-31 шілдеге ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктер ауа температурасы біртіндеп жоғарылайтынын айтты. Алайда республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түседі деп болжануда. 
“Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі. 30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжануда: күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41 градус, солтүстік пен шығыста 23-33 градус, орталықта 25-37 градусқа дейін жылы болады”, – дейді синоптиктер. 


stan.kz
28 шілде 2021 ж. 274 0