Қызылорда: Демалыс күндері нысандар қызметіне қойылған шектеулер алынып тасталды
![](/uploads/posts/2021-07/medium/1627636391_shekteu.jpg)
Бұған дейін «Ashyq» жүйесіне қосылғанына қарамастан сенбі, жексенбі күндері барлық нысандардың қызметіне тыйым салынған болатын. Жаңа Қаулыға сәйкес бұл шектеулер алынып тасталды.
Енді «Ashyq» жүйесіне тіркелген объектілер сенбі, жексенбі күндері де өз жұмыстарын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен жалғастырады.
Қаулы 30 шілдеден бастап күшіне енеді
kyzylorda-news.kz