Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 11 желтоқсаннан бастап Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетіледі

11 желтоқсаннан бастап Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетіледі

Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
8 желтоқсанда Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова жаңа қаулыға қол қойды. Онда 31 қазандағы № 25 қаулыға өзгерістер енгізілген. Қаулы 11 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Өзгерістерге сай енді сауда үйлері жексенбі және мереке күндері жұмыс жасайтын болды. Оған бұдан бұрын тыйым салынған болатын.
«Жаңа қаулы бойынша сауда үйлері енді кешкі сағат 23.00-ге дейін жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Мұндай орындар бұрын жұмысын аталған уақыттан бір сағат ерте аяқтайтын. Бұл жөнінде кәсіпкерлер мәселе көтерді. Оны жергілікті Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып талқылаған еді. Осылайша аталған мәселе оң шешімін тапты», - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Оның айтуынша, енді кинотеатрлар жексенбі және мереке күндері де жұмыс жасайды. Кинотеатрларға бұдан бұрын демалыс күндерде жұмыс жасауға тыйым салынған болатын.
kazinform.kz
09 желтоқсан 2020 ж. 400 0