Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қаулы шықты

Жаңа қаулы шықты

Бүгін облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова №25 қаулыны жариялады.
Айта кетейік, жаңа қаулы 2-ші қараша күні күшіне енеді. Қаулыдағы басты жаңалық, кинотеатрлар ашылып, облыстық командалардың оқу-жаттығу жиындарына рұқсат берілді. Сауда-ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар сенбі күні де қызмет көрсете алады.Тек жексенбі мен мереке күндеріне шектеу қойылды.
«Дүйсенбіден бастап кинотеатрлардың жұмысын қайта бастауға шешім қабылдадық. Бастысы, санитарлық талапты қатаң сақтаулары керек. Жұмыс уақыты 9.00 ден 22.00-ге дейін. Толтырылуын 30 %-дан асырмай, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтау секілді шарт қойдық. Өздеріңіз білесіздер, кино көрсететін зал қараңғы болады. Жарық аз түседі. Сондықтан әр кино көрсетілер алдында дизенфекция жұмыстары жүргізілуі қажет, – деді Әлия Әбдіқайымова.
Күннің ерте батуына байланысты тамақтану орындары, сұлулық салондар, СПА орталықтары, монша, спорт залдарының қызмет көрсету уақыты бір сағатқа азайтылды. Яғни. 22:00-ге дейін. Ал ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракцион, батут, букмекерлік кеңсе, кальянды пайдалануға, фудкорт, спортшылардың ҚР тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына тыйым салу жалғасады.
Қаулы:
Құрметті облыс тұрғындары!
Қызылорда облысы халқы арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бүгін, яғни 2020 жылдың 31 қазанында Қызылорда облысы бойынша карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа Қаулы шықты.
1.Аталған Қаулыға сәйкес бұған дейін енгізілген бірқатар шектеулер, тыйым салулар жалғасады. Атап айтқанда:
1) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салу жалғасады.
  1. Жаңа Қаулыға сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен келесі нысандардың қызметі жалғастырылсын:
1) ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін;
2) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметі;
3) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін толықтырылуын 50%-дан асырмай моншалардың, сауналардың қызметі;
4) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша, толықтырылуын 50% – дан асырмай және бір келушіге кемінде 5 ш. м. қамтамасыз етіп, фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі;
21) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін бір адамға су айнасының 5 ш. м. есебінен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндер қызметі;
22) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметі;
25) сағат 6.00 ден 22.00-ге дейін әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруы;
26) сағат 6.00 ден 23.00-ге дейін қоғамдық көліктің жұмысы;
29) жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып, ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыру жалғасады.
3.Қайта бастауды қамтамасыз етсін:
1) бір мезгілде 30 адамнан асырмай, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын;
2) ағымдағы жылғы 2-ші қарашасынан бастап сенбі күндері сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін толтырылуын 30%-дан асырмай, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктер), сауда желілерінің жұмысын;
3) ағымдағы жылғы 2 –ші қарашасынан бастап сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін кинотеатрлар қызметін қайта бастау қамтамасыз етілсін (толтырылуы 30%-дан аспайды, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып).
  1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері мынадай шектеу шараларын енгізілсін:
    1) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, 2000 және одан да көп ш.м. көлемімен сауда объектілерінің, жұмысын тоқтата тұруды;
    2) азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұруды.
  2. Осы Қаулы 2020 жылдың «02» қараша 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді. 
  3. kyzylorda-news.kz
31 қазан 2020 ж. 571 0