Қиындықтарды еңсеріп, келешекке сеніммен қараймыз

Өз алдына құрылым болып, жұмысын енді бастап келе жатқан мекеме «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-мен жасалған келісімшарт негізінде ТЭ33А сериялы 29 бірлік жолаушы тепловозын жалға алып, Илецк – Сексеуіл –Арыс, Сексеуіл– Жезқазған, Сексеуіл – Атырау, Сексеуіл – Маңғыстау телімдерінде жолаушы қозғалысының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуде. Жылдың соңына дейін жолаушы тасымалына негізделген ТЭП33А сериялы тепловоздарды өз балансына алып, жалға алу мәселесін азайтуға және жолаушы локомотив бригадаларында өз қарамағымызға алу мәселелерін қарастырудамыз. Әзірге жаңадан құрылған мекеме болғасын қиыншылықтар кездесуде, бірақ болашаққа зор үмітпен қарап, бұл қиыншылықтарды еңсеріп келеміз.
Б.АЯҒАНОВ,
«Жолаушылар локомотиві» ЖШС-ның Сексеуіл аймағы бойынша бастығы