Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында браконьерлер инспекторларға оқ атқан

Қызылорда облысында браконьерлер инспекторларға оқ атқан

Браконьерліктің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында «Охотзоопром» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инспекторлары Жалағаш ауданының Төгіскен жерінде Шардара ауданының Шәкілі ауылының тұрғынын ұстады. 

Тексеру кезінде ұсталған адамның көлігінен қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықтың ұшасы табылды.
«Күдікті ұсталған жерге жедел-тергеу тобы шақырылды. Инспекторлар полиция қызметкерлерін күтіп тұрғанда Қызылорда қаласының екі тұрғыны оқиға орнына келіп, инспекторлардың қызметтік автокөліктерінің бірінің дөңгелегіне мылтықтан оқ атқан. Содан кейін инспекторларға қауіп төндіріп, қарақұйрық ұшасын алып кеткен. Ұзамай инспекторлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ атқан браконьерлерді де ұстады», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-тармағы («Заңсыз аң аулау») және 380-бабының 2-тармағы («Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану») бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімшесінде қамауға алынды.

kyzylorda-news.kz
03 тамыз 2021 ж. 322 0