Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе алу — ауырмаудың жалғыз жолы

Екпе алу — ауырмаудың жалғыз жолы

Адам денсаулығы – ең басты байлығы. Былтырдан бері осы індеттен арыла алмай келеміз. Бұл инфекцияның біздің елімізді де айналып өтпегені өкінішті.
Осының салдарынан қаншама азаматтар келмеске кетті. Ендігі уақытта індетті жеңудің бірден-бір жолы осы екпе екенін түсінуіміз керек. Екпенің еш қауіпті емес екенін халық түсінсе деймін. Әлеуметтік желілерде негізсіз ақпараттардың қалай болса солай тарап жатқанының кесірі көпке тимесе екен дер едім. Денсаулықты сақтау үшін, коронавирусқа шалдықпау үшін вакцина алу керек.
Көпшілікті шошытып, неше түрлі ақпарат таратып, бекерден қорқып жүрген азаматтарға ойланыңыздар дегім келеді. Маман дәрігерлер ауруханаларда науқастар санының күрт өскенін, бұл штамм денеде тез көбейіп, тез таралатындығын айтып, алаңдаушылық білдіруде. Олар нақты дәлелдермен вакцина осы індетті жеңудің бірден-бір жолы екенін айтып отыр. Сан ғасырларда түрлі ауруларды осындай екпелермен жеңген емес пе. Ауызбіршілікпен, ұйымшылдықпен, хал­қымыз түсіністік танытып, ұжымдық иммунитетке қол жеткізуіміз керек. Сонда ғана бұл індеттің алдын алуға болады. Қауіпке қарсы қарекет ету, сіз бен біздің қолымызда.
А. ҚАСЫМОВА,
қала тұрғыны
07 тамыз 2021 ж. 289 0