Вакциналау – індетті тоқтатудың жолы
Коронавирусқа қарсы вакцина алу індетті жеңудің жалғыз жолы. Бұл ретте медицина мамандарының сөзіне құлақ асып, бұра тартпай, екпе жасатып, індетке қарсы иммунитет қалыптастыруға күш салуымыз керек. Барлық шығынды мемлекет өз мойнына алып отыр. Мұндай сәтте қарап қалуға болмайды. Баяғы жайма-шуақ өмірімізге қайта оралғымыз келсе вакцина қабылдап, денсаулығымызды нығайтуымыз керек. Бұра тартудың жөні жоқ, – дейді аудандық мәслихат депутаты, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Темір Бисембаев.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі