Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Саулығымызды ойласақ, екпе салдырайық!

Саулығымызды ойласақ, екпе салдырайық!

Уақыт өткен сайын елдегі ахуал күрделеніп барады. Десе де тіршілік болған соң, жұмыс бабында оқушылармен жиі кездесеміз. Өзім басшы ретінде көпшілікпен жүздесемін. Сондайда қорғаныш заттарды пайдаланып, сақтық шараларын ұстанғанымызбен, қауіпті індетті жұқтырып алмаймыз ба деген қорқыныштың туындайтыны жасырын емес. Осы ретте сіз бен біздің қауіпсіздігімізге кепіл бола алатын жалғыз жол – вирусқа қарсы екпе салдыру. Осылайша өзім қызмет ететін білім ордасында ұжымдық иммунитет қалыптастыруға үлес қосу мақсатында вакцина салдырдым. Екпе алу денсаулығыма ешқандай кері әсерін тигізген жоқ.
Жалпы, вакцина салдырған жеке тұлға ретінде барша жерлестерімді өзінің және жақындарының амандығы үшін екпе алуға шақырамын. 
Х.ОРЫНБАСАРОВА,
Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп директоры
15 сәуір 2021 ж. 750 0