Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салтанат Қалмұрзаева: Кеселді жеңудің жалғыз жолы – вакцина салдыру

Салтанат Қалмұрзаева: Кеселді жеңудің жалғыз жолы – вакцина салдыру

Әлемді шарпыған инфекциясының таралуын тежеудің жалғыз жолы екпе салдыру. Бұл пікірмен көпшіліктің келісері анық. Қызылорда қаласының тұрғыны Салтанат Қалмұрзаева да кеселді жеңу үшін вакцина салдыру қажет деп санайды.

Қазір әлем елдері коронавирус індетімен қолдан келгенше күресіп жатыр. Жұқпалы дерт халықтың денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіруде. Ал бұл кеселді жеңудің негізгі жолы – вакцина салдыру. Өкінішке қарай, көпшілік әлі күнге дейін екпеге күмәнмен қарайды. Меніңше, әрбір адам кәсіби мамандардың кеңесіне құлақ асуы керек. Мәселен, мен медицина қызметкерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып екпе салдырдым. Бір емес, екі компонентін де алдым. Бұл шешімді ерікті түрде қабылдадым.
Екпе салдырғаннан кейін денсаулығымда ешқандай келеңсіз жағдайлар болған жоқ. Тәуірмін.Айтайын дегенім, адам вакцина жасау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырады. Сонда сіз екпе салдырып өзіңізді қорғау арқылы басқа адамдардың әл-ауқатына қамқорлық жасасыз. Міне, коронавирус індетін жоюда осы ұжымдық иммунитет негізгі рөл атқарады. Сондықтан әрбір адам вакцина салдырып, сақтық шараларына көңіл бөлу қажет.
Салтанат ҚАЛМҰРЗАЕВА,
Қызылорда қаласының тұрғыны

kyzylorda-news.kz
15 сәуір 2021 ж. 635 0