Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Денис Тенді өлтіргенді деген күдіктілерді жақтаған мұғалім жұмысынан қуыла ма?

Денис Тенді өлтіргенді деген күдіктілерді жақтаған мұғалім жұмысынан қуыла ма?

Денис Тенді өлтірді деген күдіктіледі мадақтаған ауыл мұғалімі жұмысынан шығарыла ма?

Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы осыған қатысты қылмыстық істің қозғалғанын айтты, деп хабарлайды  Sputnik.
Ауылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін ер адам әлеуметтік желі арқылы Денис Тенді өлтірді деген күдіктілерді мадақтап, ұлтаралық қақтығыстың тууына себепші болған еді. Ол кейіннен өз айыбын түсініп, барша жұртшылықтан кешірім сұраған болатын.
“12 тамызға дейін еңбек демалысында жүр. Демалыстан келген соң оны жұмыстан шығару туралы мәселе шешіледі”, — деді басқармадағылар.
Басқарма мәліметінше, қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтар балалармен жұмыс істей алмайды.

Stan.kz​​​
23 шілде 2018 ж. 1 051 0