Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 21 жәбірленушіні алдаған алаяқтар 5 жылға сотталды

Қызылордада 21 жәбірленушіні алдаған алаяқтар 5 жылға сотталды

Қызылордада 21 жәбірленушіні алдап соққан алаяқтар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қоғамда табыс табудың түрлі жолдарымен қоса, алаяқтық жүйелердің бірқатар әдіс-тәсілдері шығып жатыр. Белгісіз компанияның не ұйымның сойылын соғатындар кейде халық сүйіктісіне айналғандардың атынан сөйлеп, халықты алдап-арбайды.  Сондай -ақ, алаяқтар онлайн-топтар құрып,  күмәнді жобаларға инвестициялауға қатысушыларды шақырады, ал жаңадан  шақырылған адамдарға жоғары сыйақы алуға уәде береді.          
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғындары  «Befree» атты қаржы пирамидасының құрбаны болғандары жөнінде арызданған. Келеңсіз оқиға 2019 жылдың қазан айынан бастау алған. Белгісіз біреулер «WhatsApp» желісі арқылы «Befree» тобын ашып, қаржылық пирамида құрып, оларға 2 апта ішінде 50 пайыздық үстемелік пайда табу мүмкіндігін жеткізген. Салдарынан 296 адам салымшы ретінде тіркеліп, жалпы 21 жәбірленушіге материалдық шығын 22 миллион теңгеден асты. 
Осыған орай  полицейлердің жедел әрекеттерімен,  тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесінде қала орталығының тұрғыны ұсталып, нәтижесінде бұл іске  қатысты  тағы да екі сыбайлас азаматшалар анықталып, оларға қатысты дәлелдемелер жинақталып күдікті қатарында танылған.
Қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Қазіргі таңда Қызылорда қалалық сотының шешімімен айыпталушылардың әрқайсысына 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шықты.

kyzylorda-news.kz
09 тамыз 2021 ж. 323 0