Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтар банк картасынан ақша ұрлаудың жаңа әдістерін ойлап табуда

Алаяқтар банк картасынан ақша ұрлаудың жаңа әдістерін ойлап табуда

ШҚО-да түрлі айла-тәсілдер арқылы адамдардың сеніміне кіріп, қаражаттарын жымқырып жүрген алаяқтар көбейіп кетті, деп хабарлады Алтайньюс.

13 қыркүйек күні полицияға 39 жастағы әйел банк картасынан ақша ұрланғанын айтып, арызданды. Оның сөзінше, алаяқ өзін банк менеджері ретінде таныстырып, интернет-банкингпен 1 миллион теңге мөлшерінде онлайн несие алғанын айтады. Бұдан кейін телефонына түскен пин-кодты сұрап алып, оның картасындағы 16 000 теңгені жымқырып кеткен екен.
"Ұқсас жағдай Орталық полиция бөлімінде тіркеліп отыр. 48 жастағы қала тұрғынын алаяқтар «ОLX» хабарламалар сайтын пайдаланып, алдап соққан екен. Оған сатылымға қойылған үйін аламын деп белгісіз бір адам хабарласқан. Үйдің жартылай ақысын банк картасына аударуға келіскен соң, телефонға түскен пин-код номерін сұрап, соңында банк картасындағы 500 000 теңгесін ұрлап алған.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары мен жедел-іздеу шаралары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады. Сіздің шотыңызға ақша аудару үшін картаның сыртында көрсетілген 16 таңбалы номердің жеткілікті екенін естен шығармаңыздар", - делінген таратылған ақпаратта.
https://baq.kz/news/othernews/shygys-kazakstanda-alayaktar-bank-/
19 қыркүйек 2019 ж. 825 0