Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың банк карталарынан ақша жоғалып жатыр

Қазақстандықтардың банк карталарынан ақша жоғалып жатыр

Қазақстандықтардың банк карталарынан ақша жоғалуда. Анна Чехонадская есімді алматылық тұрғын 65 долларға жуық ақшасын ала алмай қалды. Оның картасынан ақшаны түнгі уақытта алған.

Ол бірнеше айдан бері Qazkom-нан ақшасын өндіре алмай келеді. Анна Чехонадскаяның банк картасынан мамыр айында белгісіз біреу 65 доллар алған. Банк бөлімшелері бұған жауап бере алмады. Келесі айда анықтап, ақшасын қайтаратынын айтқан. Қазір қыркүйектің ортасы болды, деп хабарлайды 31 арна. 
«Мен хабарласқанымда ешқандай ақпарат жоқ екенін айтты. Егер ақша әлі аударылмаса, бөлімшеге барып анықтаңыз деді. Оларда ешқандай ақпарат жоқ», – дейді Qazkom клиенті Анна Чехонадская.
Qazkom банкінде мұндай жағдай алғаш рет болып отыр.
«Бұл жағдай екі банктің техникалық қателігі кезінде болған. Клиенттің ақшасы жоғалған жоқ. Істі анықтағанға дейін бөлек есепшотта тұрды. Банкке хабарласқан соң клиентке ақшасын карта аударды»,- дейді «Қазақстанның ұлттық банкі» баспасөз қызметінің қызметкері Меруерт Бердібаева.
Заңгер Станислав Лопатин Қазақстанда ақша жоғалудың себептерін атады.
«Екі банк бірлескенде бір қалыпты ұстау кезінде ақша жеткіліксіздігі байқалады. Біреуде 1 теңге, біреуде 2 теңге жетпей қалады. Мұндайда қызметкер өзінің ісін жабу үшін өзгенің картасынан ақшаны алуы мүмкін. Сонымен қатар, алаяқтар техникалық жұмыстар жүріп жатқан уақытты пайдаланады. Кез келген жағдайда егер банк кінәлі болса, клиент ақшаның қайтарылатынына сенімді болу керек. Өйткені ақша дұрыс қорғалмады деген сөз», – дейді заңгер.
14 қыркүйек 2018 ж. 1 354 0