Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада күніне 2 мыңнан астам адам екпе алуда

Қызылордада күніне 2 мыңнан астам адам екпе алуда

Бүгінде аймақта Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласын қосқанда 244 097 адам вакцинаның 1-компонентін алған. Бұл тұрғындардың 61 пайызын құрайды. Ал 185 463 адамға екпенің 2-компоненті егілген. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға кеңінен тоқталып, екпе алу жұмыстарының жүргізілу барысын баяндады.
«Маусым айында короновирус инфекциясымен 541 науқас тіркелсе, шілдеде 6 есеге өсіп, 3387 науқасқа артқан. Ал тамыз айының 9 күнінде 1827 адам вирус жұқтырып отыр. Бұл айдың соңына дейін өсуі мүмкін. Мәселен өткен тәулікте короновирус инфекциясымен 228 жағдай тіркелді. 1772 науқас үй жағдайында емделіп жатыр. Емхананың 138 мобильді бригадалары емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын атқаруда. Сосын бұл аурудың 70-80 пайызы симптомды түрі, былтыр көбіне симптомсыз еді», – деді Ж.Мырзагелдіұлы.
Айта кетейік, қазіргі таңда күніне 2000-2500 жан екпе алуда. Зейнет жасындағылар мен үй шаруасындағы адамдар арасында вакцина алу көрсеткіші әлі де төмен.

kyzylorda-news.kz
10 тамыз 2021 ж. 349 0