Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Такси жүргізушісін тонаған қызылордалық әйел ұсталды

Такси жүргізушісін тонаған қызылордалық әйел ұсталды

Такси жүргізушісінің 800 мың теңгесі мен ұялы телефонын ұрлаған қызылордалық әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арыз түсірген. Оның айтуынша, қала орталығындағы көшелердің бірінде белгісіз біреу такси тоқтатып, белгіленген жерге апарып тастауын сұраған. Нәтижесінде жолаушы такси жүргізушісінің автокөлігінде жатқан 800 мың теңге ақшасы мен Samsung маркалы ұялы телефонын қолды қылған.
Ұрыны қамауға алу мақсатында жергілікті полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол 26 жас шамасындағы қызылордалық әйел болып шықты. Таксиге мінген қылмыскер 880 мың теңге шығын келтірген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
11 тамыз 2021 ж. 250 0