Індет жас талғамайды

Бүгінде айтатыны жоқ, дерт өршіп, жаңа штамдар пайда болуда. Екі күннің бірінде қала көшелерімен арлы-берлі жүйткіген жедел жәрдем көліктері өмір мен өлім арасындағы арпалыстың талайына куә болып жүр. Ауруханаға жетпей жантәсілім еткен науқастар қаншама?! Осының барлығы біздің әлі де болса немқұрайлылыққа салынып, карантин талаптарын қатаң сақтамаудан болып отыр. Оның үстіне ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы отбасын сақтау мәселесі де көп азаматтар тарапынан ескерілмей жатыр. Алдағы уақытта осы мәселеге атүсті қарамай, жиын-тойларды тыйып, көпшілік басқосуларға себеп болатын кештер мен серуендерден мейлінше бас тартқан жөн. Ең бастысы, әр адам өзінің және отбасының қауіпсіздігі үшін вакцина алдыру керек. Бұл бәріміз үшін маңызды.
С. ДОСТАНОВ,
қала тұрғыны