Дәрігерлер еңбегін бағалаған абзал

Қысқаша тоқталсам, үстіміздегі жылдың 29 маусымы күні пневмония диагнозымен ауруханаға түстім. Жан қысылғанда бұл дүненің базары мен қат-қабат тірлігі әдіре қалады екен. Қайта ауруханаға түскен сәттен біз үшін қызмет көрсетіп, дертіңе дәру болатын жылы сөздерін аямаған ақ халатты абзал жандардың еңбегі көп болды. Күндіз-түні жанымыздан табылған ауданның белгілі дәрігері Ж.Жақсылықов, дәрігер С.Серікбаева, аға аяжан Г.Сарбөпееваның еңбегі түсіне білгенге бәрінен жоғары. Шықпас жанға себепші, адам жанының арашасы болған мұндай жандар қандай құрметке болмасын лайық. Осы тұста біз өз өмірімізге де аса жауапкершілікпен қарау керек дер едім. Ақпарат ғасырындағы алуан түрлі қауесеттерді кейінге қойып, өз өміріміз үшін қажетті вакцинаны дер уақытында салдырған жөн. Негізі «саулық – сақтықта» деген сөз бекер айтылмаған. Басқа уақытты былай қойғанда, дәл қазіргі уақыт той тойлап, тамаша қуатын кез емес. Керісінше, сақтық шараларын берік ұстанып, өз өмірімізге жауапкершілікпен қарай білейік.
Миллят САДЫҚОВ,
Арал теңізі обаға қарсы күрес станциясы филиалының зоологі