Әлеуметтік жәрдемақы көп көмегін тигізуде

Өз басым барлық қолдауға дән ризамын. Енді міне, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, түрлі санаттағы жанұялар мен отбасылық қиын жағдайда қалған жандардың несиелік қарыздарын белгелі бір мөлшерде кешіру жөнідегі жағымды жаңалықты естіп жатырмыз. Бұл да біз үшін үлкен қолдау болар еді.
Иә, осындай қолдаудың барлығы жыл басында Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аясында қолға алынып жатқан маңызды бастамалар деп білеміз. Мұндай көмекті көрсетіп, әлеуметтің әлеуетін арттыру жолында тың шешімдер қабылдап жатқан ел билігіне мен разымын. Мұның барлығы елдегі оң көзқарас пен балаларымның несібесі деп білемін.
Г.Мижанова,
көп балалы ана,
Арал қаласының тұрғыны.