Құжат тапсыратын күнді күтіп жүрміз

Мен 6 балалы әкемен. Бүгінде жетіншісін күтіп жүрміз. Әзірше тұрақты жұмыс жоқ, тек жалданып жұмыс істеп, отбасымды асырап отырмын. Президенттің тапсырмасы орындалса, бізге біраз көмек болғалы тұр. Қазір құжат тапсыратын күнді күтіп жүрміз. Көп балалы отбасыларға жасалатын қамқорлық үшін Мемлекет басшысына рақметтен басқа айтарымыз жоқ.
Болат КӨБЕЕВ,
көп балалы әке.
Арал қаласы.