Екпе алу арқылы қаламызды қауіпсіз етейік
Өздеріңізге белігілі, 2020 жылы короновирус инфекциясының таралуы белең алып, жақын туыстарамыздардан және достарымыздан айырылып, қабырғамызды қайыстырған болатын.
Осы короновирустың алдын алу және жою мақсатында 2021 жылы емделудің жолы табылып жаппай вакцинациялау басталды.
Осыған орай, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері өз еріктерімен ағайын-туыс, бауырларының амандығы үшін және де күнделікті халыққа қызмет көрсететін болғандықтан қаупсіздікті сақтау үшін коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның І және ІІ кезеңін алды.
Сонымен қатар, 76 қызметкер, яғни 74 пайызы вакцина алды. Ал 27 қызметкер, яғни 26,2 пайызы жүктілік және есепте тұрғандар.
Бүгінгі біздің жұмысымыз Нәтижелі жұмыспен қамтуды ұйымдастыруды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы ІІІ бағытына қатысушы қоғамдық жұмыста жүрген тұрғындарға қаупсіздікті сақтау үшін коронавирустық инфекциясының алдын-алу мақсатында вакцина алу жөнінде Арал аудандық аурухана дәрігерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған тұрғындарға вакцина салу үшін арнайы жылжымалы екпе пункті З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, нәтижесімен 15 (он бес) адам екпе қабылдады.
Құрметті аудан тұрғындары отбасымыздың амандығы үшін вакцинаны белсенді түрде алуға шақырамыз.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі