Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әскери бөлімнің тынысы тексерілді

Әскери бөлімнің тынысы тексерілді

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайдар Қарақұлов пен басқарманың бір топ офицерлері бекітілген жоспарға сай Қызылорда гарнизонының әскери бөлімін тексерді.Тексерудің негізгі мақсаты – бөлім әскери қызметшілерінің жауынгерлік деңгейін арттыру, моральдық жай-күйін көтеру және алдағы оқу-жаттығулар барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.
Жоспар бойынша алдымен «Тереңөзек» оқу-жаттығу полигонының жауынгерлік жаттығуларға әзірлік деңгейі мен оқу-материалдық жағдайы тексеріліп, анықталған кемшіліктер бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Жеке құраммен саптық байқау өткізілді. Одан соң құжаттардың дайындығы, бөлімдегі кезекшілік және қарауылдық қызметтердің орындалу тәртібі, өрт қауіпсіздігіне қарсы қызметінің барысы және қару-жарақтардың, техникалық қызмет көрсету пункттерінің, әскери бөлім асханасының жұмыстары тексерілді.
Өңірлік қолбасшылықтан келген әскери саланың тәжірибелі офицерлері нұсқаулық-әдістемелік сабақтарын өткізді.
– Бөлім жеке құрамы жақсы нәтижелер көрсете білді. Алдағы уақытта әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығын жоғары ұстауымыз қажет. Болашақта сіздерден жоғары кәсібилік пен іс-қимылдар үйлесімділігін жоғары нәтижеде орындайды деп сенемін, – деді генерал-майор Қайдар Қарақұлов.
Тексеріс соңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы әскери бөлімнің жауынгерлік дайындық деңгейлеріне жақсы баға беріп, қосымша бірқатар тапсырмалар берді.
Шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілді.
Мұхит ҚОНАРОВ,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант

syrboyi.kz
21 тамыз 2021 ж. 544 0